Салықтан қателесуді тоқтатыңыз: Тәжірибелі маманнан базалық салық сауаттылығы!
Курс авторы: Жаңалыққызы Ақбота — 1-санаттағы салық кеңесшісі, экономика магистрі (ғылыми бағыт). Салық органдарындағы 8 жылдық тапжылмас тәжірибе.
Қатысуға тіркелуНеліктен мен мемлекеттік қызметті тастап, оқытуға келдім?
Салық органдарында 8 жыл бойы жұмыс істеп, мен жүздеген кәсіпкерлер мен есепшілердің тағдырын көрдім. Ең өкініштісі — көптеген салық төлеушілер білместіктен ірі көлемде айыппұл арқалап жатады.
Тіпті, тәжірибелі деген есепшілердің өзі базалық білімнің жетіспеуінен болмашы нәрседен қате жібереді. Нәтижесінде — камералдық бақылау бойынша хабарламалар мен мазасыз түндер.
Мен тек айыппұл салғыш жүйенің бір бөлігі болғым келмеді. Мен адамдарға көмектескім келді. Сондықтан, күрделі "продвинутый" деңгейді емес, дәл қазір барлығына ауадай қажет "Оңайлатылған режимдегі дара кәсіпкерліктің салық кеңесшісі" атты базалық курсты жасап шықтым.
Курс кімдерге арналған?
Бұл курс салық саласында сенімді бастау жасап, қателіктерден, айыппұлдардан және камералдық бақылау хабарламаларынан қорықпай жұмыс істегісі келетіндерге арналған.
Жас мамандарға
Жоғары оқу орнын жаңа бітіріп, істі неден бастарын білмей, тәжірибесіздіктен қорыққан жандарға нақты мотивация мен дайын старт.
Тәжірибелі есепшілерге
Базалық білімнің олқылықтарын толтырып, камералдық бақылау хабарламаларынан біржола құтылғысы келетіндерге.
Дара кәсіпкерлерге (ЖК)
Оңайлатылған режимде ешқандай айыппұлсыз, уайымсыз және заңды түрде өз есебін жүргізгісі келетіндерге.
Бұл курс қалай құрастырылды?
(Маған оңай болған жоқ)
Бұл курс дайын шаблоннан жасалған жоқ. Ол нақты тәжірибеден, өзгерістерден, қайта-қайта жаңартудан және ең өзекті ақпаратты беру ниетінен туды.
- Жоспар: Жұмыстан шыққан соң, курсты тез арада дайындап шығамын деп ойладым...
- Кедергі 1: Курсты толық жасақтап біткенімде, ескі салық төлеушінің кабинетінен жаңа салық төлеушінің кабинетіне кезең-кезеңімен өту басталды. Барлық видеоларым жарамсыз болып қалды.
- Кедергі 2: Берілмей, бәрін қайтадан құрастырып болдым дегенде... Салық кодексі өзгерді!
- Нәтиже: Мен барлық материалды ең соңғы, ең өзекті өзгерістерге сай қайтадан нөлден жазып шықтым. Сіз тек ең жаңа ақпаратты аласыз!
Курс туралы қысқаша бейне
Курстың мазмұнымен және автордың түсіндіру стилімен танысыңыз.
Курсқа қабылдау басталды!
Менің жеке кері байланысыммен және толық қолдауыммен!
Kaspi арқылы төлеу (100 000 ₸)